• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №18-02/164

269 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 ақпан,  Астана қаласы Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 55-бабының 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ______________ Б.Сұлтанов 2015 жылғы 6 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрі ______________ Е.Досаев 2015 жылғы 11 наурыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/164 бұйрығымен бекітілген Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары р/с № Орман орналастыру жұмыстарының атаулары Бағалар (1 гектарға теңгемен) жазық ормандар таулы ормандар шөлді ормандар 1 Дайындық жұмыстар 33,5 24,5 3,8 2 Далалық жұмыстар 440 310 44 3 Камералдық жұмыстар 150 110 11,2 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10960 болып енгізілді.